2023 жылы Алматы автомеханика колледжінің оқытушылары Финляндияда тағылымдамадан өтіп, халықаралық тәжірибе негізінде білім мен біліктіліктерін жетілдіріп қайтты. Тағылымдама “Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану” мамандығы аясында ұйымдастырылып, заманауи технологиялармен, оқытудың инновациялық тәсілдерімен танысуға үлкен мүмкіндік берді.

Фин білім беру жүйесінің басты ерекшеліктері – тәжірибеге бағытталған оқыту, студентке бағытталған әдістер, экологиялық көліктермен жұмыс жасау дағдылары ерекше әсер қалдырды. Оқытушылар гибридті және электр көліктерімен жұмыс істеудің финдік стандарттарын меңгеріп, оларды оқу үдерісіне енгізу жолдарын қарастырды.

Тағылымдама нәтижесінде колледжде интеграцияланған оқу кабинеттері ашылып, қосарлы оқыту элементтері, экологиялық таза көлік құралдарын диагностикалау модульдері оқу бағдарламаларына енгізілді.

Бұл – тек тәжірибе алмасу емес, білім сапасын арттыруға, студенттердің заманауи еңбек нарығына сай құзыреттерін дамытуға бағытталған нақты қадам.

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *